Кірпішті тұрғындарының алаңдаушылығы артты
Көктем – шаһардың жағалауда орналасқан аудандарының тұрғындары үшін алаңдаушылық тудыратын кезең. Әсіресе бұл Кірпішті тұрғын алабына қатысты. Қарғалы өзені мен Елек өзені бойында орналасқан, су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың бірі. 2 жыл бұрын бұл аумақ көктемгі су тасқынында қатты зардап шекті. Қорғаныс бөгеті әлсіз болып, кейін билік қателіктермен жұмыс жүргізді. Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілмегенімен, маңындағы 3 бірдей тұрғын үйге қауіп төнуі мүмкін. Өзен жағалауына уақытша құмнан бөгет тұрғызылған. Алайда беріктігі күмән тудырады. Жергілікті тұрғындар не дейді? Сонымен қатар өзен арнасын тазалау мәселесі де өзекті. Әсіресе көпір астында қоқыс жиналған дейді тұрғын. Ал Елек пен Қарғалы өзендері тоғысатын тұс қауіпті аймақтардың бірі, бұл жерде алдын алу шаралары жүргізілуі қажет. "Әкімшілік бұл мәселеден хабардар. Жауапты мамандар қауіпті аймақтарда, шұғыл түрде күшейтілген жұмыстар жүргізу қажет" деп толықтырды Марғұлан Қыдырбай. Биыл табиғат тосынсый жасамады. Аймақта жауын-шашын аз болып, су тасқыны қаупі сәл сейілді. Дегенмен, Кірпішті тұрғын алабының тұрғындары бөгеттің барлық аумағы ретке келтіріледі дегене үмітпен отыр. Басталған іс соңына жетсе дейді.Количество показов: 16
Дата создания: 31.03.2026 07:11:31



















