Кірпішті тұрғын алабында көлік кептелісі тұрғындарға қиындық туғызды
Кірпішті тұрғын алабындағы көпір бойында ұзын-сонар кептеліс соңғы айларда жиілепті. Себеп- байырғы өткел бойындағы бітпей кеткен жол жөндеу жұмыстары. Таңғы қарбалас сәтте жұмыс пен сабаққа асыққандар құрылыс салдарынан қоғамдық көлік жиі кешігеді деп отыр. Такси қызметі де шақыртуларға уақытында келмейді. Тұрғындар үшін таңғы қозғалыс уақыты қиындап тұр. Көпірдің екінші өткелінің құрылысы аяқталғаны жұртқа жеңілдік әкеледі деген үміт болған. Бірақ өткел қозғалысын толық ашуға әзірге мүмкіндік жоқ. Мәселе көпірдің құрылысында емес, жол жабынында. Мердігер компания былтыр пайдалануға берілген бірінші өткелге қосымша асфальт қабаты төселуі керек. Бұл жолды жай ғана жаңарту емес, оның беріктігін арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді дейді. Жөндеу жұмыстары 1 қараша аяқталуы тиіс. Осыдан кейін көпірдегі төрт жолақтың барлығы көлік қозғалысына ашылады деп жоспарланған. Еске салайық, өткен жылы ескі өткелді бөлшектеу жұмыстарын бастау үшін көпірдің бірінші бөлігіне уақытша асфальт төселіп, көлік қозғалысы мерзімінен бұрын ашылған еді. Кейін көпірдің екінші өткелі салынды. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған.Количество показов: 11
Дата создания: 17.10.2026 07:28:38



















