Кірпішті көпірінің құрылыс жұмыстары әлі аяқталар емес
Былтырдан бері жүргізушілердің де, ауыл тұрғындарының да жүйкесін жұқартқан құрылыс жұмыстары әлі аяқталар емес. Көпір пайдалануға дайын болғанымен, жол жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кеткен. Жаз айлары жауын-шашынды болған соң, жол құрылысы жұмыстары кешеуілдеп жатыр. Кірпішті көпірінің кіре берісінен бастап, ауылдың ортасына дейінгі жолға күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс еді.Ауа райының қолайсыздығынан жұмыс ұзаққа созылып кетті. 7 мың шаршы метр жол күрделі жөндеуден өтуде. Бұл жерде жақында тақтайдай түзу жол пайдалануға беріледі, дейді мердігер мекеме өкілдері.Количество показов: 13
Дата создания: 14.08.2025 07:28:17