"Көркем тіл - көрікті жарнама" акциясының үздіктері марапатталды
Кәсіпкерлік нысандардағы маңдайша жазулар мен жарнама мәтіндерінің дұрыс жазылуы қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге ықпал етеді. "Көркем тіл - көрікті жарнама" акциясы осы бағытта жұмыс жасайды. Бұл бастама "XXI ғасыр дарындары" қоғамдық қоры мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды. Акция аясында қала мен облыс аудандарында арнайы мониторинг жүргізілді. Тексеру кезінде 227 кәсіпкерлік субъектісі қамтылған. 149 тілдік талапқа сай келмеу дерегі тіркелген. Оның 55-і дереу қатесін мойындап түзеткен. Қайталама тексеру барысында 53 нысан қамтылып, олардың 23-і анықталған қателерді бірден жойған. Бірнеше рет қате жіберген кәсіпкерлерге мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптарын дұрыс оқу ескертілген. Акцияның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге үлес қосқан кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар марапатталды. Жеңімпаздар "Ең сауатты жарнама", "Ең үздік аударма", "Қырағы көз", "Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсетушісі" және "Тіл мәдениетінің жаршысы" номинациялары бойынша анықталды.Количество показов: 12
Дата создания: 21.10.2026 09:44:59



















