Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырып үлгеріңіз!
Кірістер мен мүлік туралы декларация 15-қыркүйекке дейін тапсырылуы керек. Құжаттың 270-насаны мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары, банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының қатысушылары мен жұбайлары, нотариустер, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар тапсырады. Бұл туралы қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары ескертеді. Оған қоса, декларацияны қаржысы 1000 АЕК асса, шетелдік банктерде шоттары, активтері бар тұлғалар да тапсырулары шарт. Сондай-ақ, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғаларға мүлік салығын да биыл 1-қазанға дейін төлеу қажеттігін ескертеді. Төлемдерді "Салық Азамат" мобильді қосымшасы арқылы жүргізуге болады. Қосымшадағы "салық әмияны" бөлігін толтырып, салық сомасын төлеу және есептен шығару функциясын таңдайды. Сондай-ақ "Каспий кз" мобильді қосымшасы немесе кез келген банк қосымшалары арқылы да төлем жасауға болады.Количество показов: 26
Дата создания: 11.09.2025 07:55:08