Көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 6 миллиард теңге бөлінді
Соңғы үш жылда облыста көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және жеделсатыларды ауыстыруға 6,6 миллиард теңге бөлінген. Осы қаражатқа 85 жобаны жүзеге асыру қолға алынған. Облыс бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр. Жөндеу кезінде үйлердің шатыры, қасбеті, ортақ пайдаланылатын орындары қалпына келтіріліп, жылу, су, кәріз және электр жүйелері жаңартылады. Бағдарлама аясында Алға қаласындағы №3 үй де күрделі жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстары жүргізілген 61 жоба аяқталған. Оның ішінде 40 көппәтерлі тұрғын үй мен 34 лифт бар. Тағы 15 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жаңғырту жұмыстары Жаманқұлов 15 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйге жүргізілген. 1988 жылы салынған бұл үйде 30 жылда күрделі жөндеу жүргізілмепті. Жоба несиелік қаражат есебінен жүзеге асырылған. Яғни 109 миллион теңге жеті жылға 147 пәтерге бөлінген. Тұрғындардың төлемі пәтердің шаршы метріне қарай есептеледі. Жөндеу жұмыстары тұрғындардың ұсынысымен қолға алынған. Нәтижесінде үйдің инженерлік жүйелері түгелдей жаңартылған. Жиында жол мәселесі назардан тыс қалмады. Соңғы үш жылда жолдарды дамытуға 65 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Осы кезеңде 204 шақырымнан астам жол жөнделіп, 86 шақырымнан астам жаңа жол салынды. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 65 пайызға жеткен. Қалада жайлы орта қалыптастыруға да басымдық берілген. Былтыр 94 аула абаттандырылса, биыл тағы 80 ауланы жаңарту жоспарланған. Айта кететін жайт, қазір қалада күзгі сенбілік науқаны өтіп жатыр. Ол 14 қарашаға дейін жалғасады. Тұрғындар тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырылады.Количество показов: 19
Дата создания: 18.09.2026 09:15:56



















