Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді
Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды. Мерекелік алаңда төрт киіз үй тігіліп, оларды облыстық білім басқармасы, "Qazaq Oil", "Kazchrome", және "Қазақ түрік мұнай" компаниялары жасақтады. Наурыз мерекесін тойлауға келген жергілікті тұрғындар, қазақтың салт дәстүрімен танысып, мерекелік көңіл күйді сезінді. Сонымен қатар көпбалалы аналарға арнайы сертификаттар мен гүл шоқтары табысталды. Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Мұнда да ақтөбеліктер дәстүрлі наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты. Мерекелік іс-шара таңғы сағат 10-да басталып, түске дейін жалғасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы Наурыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ал тұрғындар болса өздерінің ақ тілегін жаудырып, ақ баталарын берді. Наурыз мерекесі жоғары деңгейде өтті. Ұлттық дәстүр ұлықталып, жұртшылық бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.Количество показов: 14
Дата создания: 23.03.2026 07:19:05



















