Көпір жолы жөнделіп жатыр
5-ықшам аудандағы көлік көпірінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жол бойындағы шұңқырларды қалпына келтіріп, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасауды көздейді. Арнайы техникамен жұмысшылар қызу іске кіріскен. Дегенмен, көпірде көлік қозғалысы шектелмеді. Жолдың кейбір бөлігі уақытша жабылған. Мамандардың айтуынша, ауа райы қолайлы болса, жөндеу жұмыстары бүгін түнде толық аяқталады. Бұл өз кезегінде көпір арқылы қатынайтын көлік қозғалысының қауіпсіздігінің алдын алуға мүмкіндік береді. Мамандар жол жөндеу жұмыстары кезінде көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін сақтауды ұсынды.Количество показов: 10
Дата создания: 10.04.2026 06:02:22



















