“Көнеден жеткен дәм»
"Сыбаға" фестивалі түстен кейін “Көнеден жеткен дәм. Ұмытылған ұлттық тағамдар гастрофестивалімен” жалғасты. Шараға аудандардың өкілдері қатысты. Олар көптің назарына ұлттық тағамдардың алуан түрін ұсынды. Өздері дайындап әкелген тағамдарының дайындалуы мен ұлттық тағам атауларының мән-мағынасын түсіндірді. Сыбаға фестивалі өңірімізде 2-ші рет өткізіліп отыр. Фестиваль түрлі бөлімдерге бөлінеді. Өзекті бөлімдерінің бірі- ұмытылған тағамдарды қайта жаңғырту мақсатында өтетін гастрофестиваль. Бүгін шаһарымыздағы ұлттық Сарқыт мейрамханасына әр облыстан түрлі тағамдарын паш еткен қатысушылар жиналды. Назифа апай Қобда ауданының абыройын асқақтатамын деп келді. Олар ұжымымен фестивальге ұлттық тағамның түрін әкелген. Соның бірі қазақтың ескі, ұмытылған тағамдарының бірі, "үлпершекке" ерекше тоқталып өтті. Үлпершек негізінен жылқы жүрегінен дайындалады. Жүректің екі құлақшасын кесіп алған соң, іліп, қанын әбден сорғытады. Жылқының бұлшық етті жүрегі қатты болады. Осы себепті етті пісірген соң, жұмсарып тұруы үшін бір ай бойы салқын жерде, ұнмен араластырып сақтайды. Мұндай асты көбіне ұзатылып кеткен қыз еліне төркіндеп келген кезде арнайы әзірлейтін болған. Яғни, «қайда жүрсең де, біздің жүрегіміздесің» деген ақ, адал ниетпен ұсынған. Ал, қыз баласы мұндай құрметке лайық әдеп сақтап, сәлем салып, иіліп алатын болған.Количество показов: 7
Дата создания: 06.12.2025 09:32:36



















