Көлік салығын төлеңіз!
Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы 2025 жылға арналған көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу қажеттігін ескертті. Бұл салықтың мерзімінен кешікпей төленуі маңызды, себебі уақытылы төленбеген салықтар үшін айыппұлдар мен қосымша төлемдер салынуы мүмкін. Мамандардың мәліметінше, қазір 4300-ге жуық жеке тұлға көлік салығын әлі төлемеген. Берешек құны 216 млн 507 мың теңге. Салық заңнама бойынша мүгедектігі бар жандарға, көпбалалы аналарға, сондай-ақ ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарына "Алтын алқа" және "Күміс алқасы" иелері де кіреді. Алайда, бұл жеңілдіктер тек бір автокөлікке қатысты қолданылады. Дегенмен 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автокөліктерге бұл жеңілдіктер қолданылмайды. Сонымен қатар, көлік құралын меншік иесін ауыстыру рәсімі тек 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген болуы керек.Количество показов: 7
Дата создания: 21.02.2026 04:59:55



















