Көлік дөңгелегін қысқа дайындау қанша тұрады?
Дөңгелектерді қашан ауыстыру керек? ҚР жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, қысқы дөңгелектерді пайдалану 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін міндетті. Алайда тәжірибелі жүргізушілер мен мамандар тек күнтізбеге емес, ауа температурасына назар аударуға кеңес береді. Қаламызда дөңгелек ауыстыру 8 600-26 000ға дейін, автокөліктің көлеміне байланысты бағасы ауысып отырады. Мамандар алдымен дөңгелектердің жай-күйін тексереді. Қысқы дөңгелектерде протектор тереңдігі кемінде 4 мм, ал жазғысында – кемінде 1,6 мм болуы тиіс. Жарықтар, ісінулер немесе біркелкі емес тозу болмауы керек. Дөңгелектердегі ауа қысымы тексеріліп, ауыстырғаннан кейін қысымын көлік өндірушісі көрсеткен нормаға сай келтіреді. Дөңгелектерді уақытында ауыстыру маңызды. Уақытында өзгертпеу түрлі келеңсіздіктерге алып келуі мүмкін. Тайғақ жолда тежегіш қашықтығы ұлғайғанда, көлікті басқару қиындайды. Уақытылы ауыстырылмаған дөңгелектің сапасы да нашарлап, тез тозады. Одан бөлек жол қауіпсіздік ережесі бұзылады. Бұл үлкен жол апатына, адам шығынына да әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар темір тұлпарыңыздың дөңгелектерін қар жауғанын күтпей, уақытында ауыстырып алуға кеңес береді.Количество показов: 19
Дата создания: 04.11.2025 05:57:13



















