Көктемге дайындық қарқынды
Шаһарда жолдың жүру бөлігі мен жиектастар маңын тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір қала бойынша оннан астам мердігер мекеменің 12 жұмыс тобына дамыл жоқ дейді қалалық әкімдік. Қар қалың жауған кезде бригадалар саны артып, автожолдарда бір мезетте 25-ке жуық комуналшылар тобы жұмысқа кіріседі. Тұрақты тазалау жұмыстарының арқасында бүгінде орталық даңғылдар мен адам көп жүретін жаяулар жолы тазартылған. Қардың белсенді еруіне қарамастан, негізгі жолдарда ірі көлемді су жиналу деректері әзірге байқалмайды. Қазір күннің жылынуына байланысты коммуналдық қызметтердің алдында жаңа міндет тұр – еріген қар суын дер кезінде бұрып, аулалар мен көшелерді су басудың алдын алу. Қала тұрғындарының айтуынша, қыс бойы жүргізілген тұрақты тазалау жұмыстары қар еру кезеңінде елеулі мәселелердің туындауына жол бермейді. Сондықтан қауіптің алдын алып, ерте қимылдаған абзал.Количество показов: 8
Дата создания: 17.02.2026 05:57:53



















