Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
Көктем жақындаған сайын облыста су тасқыны қаупіне дайындық қарқыны күшейді. Мамандар биылғы табиғи жағдай былтырғыдан өзгеше екенін айтады. «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, топырақтағы күзгі ылғал қоры әдеттегі мөлшерден едәуір төмен, 26 пайыздан 85 пайызға дейін жетеді. Қауіптің алдын алу үшін өңірде ауқымды инженерлік жұмыстар қолға алынған. ТЖД мәліметінше, жоспарға енгізілген 105 шараның басым бөлігі орындалып үлгерді. Нөсер суын бұратын жүйелер салынып, арықтар қазылды, су өткізу құбырлары жаңартылған. Қыс бойы елді мекендерден 150 мың тоннадан астам қар сыртқа шығарылған. Ал жердің қату тереңдігі аудандарда әртүрлі. Мәртөкте 32 сантиметр болса, Әйтекеби ауданында 127 сантиметрге дейін барады. ТЖД алдағы күндері өзендердегі мұзды әлсірету үшін арнайы жару жұмыстары жүргізіледі дейді. Бүгінде 2 мыңнан астам адам, 800-ден аса техника, жүздеген мотопомпа мен жүзу құралдары дайын тұр.Количество показов: 5
Дата создания: 06.02.2026 07:32:35



















