Көктемде әскерге 1 мың азамат аттанады
Көктемгі әскерге шақыру науқаны өңірде наурыз айында басталады. Маусым айының соңына дейін 1 мыңнан астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Шығармашылық академиясында өткен нұсқаушылық-әдістемелік жиында айтылды. Шараға полиция және әскери құрылымдардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны қорытындыланып, алдағы жоспарлар жарияланды. Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру сапасына, белгіленген рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ Қарулы Күштер мен басқа да әскерлерді жасақтау тәртібіне ерекше назар аударылды. Әскерге шақыруды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Шақыру комиссияларын облыстардың, қалалардың және аудандардың әкім орынбасарлары басқарады. Ал науқанның ашықтығы мен жариялылығы қоғамдық өкілдердің шақыру комиссияларының жұмысына қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі.Количество показов: 8
Дата создания: 27.02.2026 08:01:50



















