Көктайғақтан сақ болыңыз!
Өңірде 2-3 күннің ішінде қар толассыз қалың жауып, қала көшелерін коммуналшылар қардан әлі тазартып жатыр. Жаяу жүретін жерлер жылтыраған көк мұз болмаса да, тайып құлап немесе басқа да себептермен медициналық мекемеге көрінетіндер бар. Соңғы 5 күннің ішінде қаламыздағы көпсалалы ауруханың жарақат алу бөлімшесіне 346 адам шағыммен келді. Оның 63-і көктайғақтан жарақат алған. Соңғы 5 күннің ішінде қаламыздағы көпсалалы ауруханың жарақат алу бөлімшесіне 346 адам шағыммен келді. Оның 63- і көктайғақтан жарақат алған. Барлық науқасқа тиісті ем тағайындалып, ауруханада дәрігерлердің бақылауына алынған. Көктайғақ – сырғанақ беткейді түзетін қардың немесе мұздың қабаты екені белгілі. Ол көбінесе адамдар көп жүретін жерлерде және тратуарларда кездеседі. Жаяу жүргінші көктайғақ кезінде – құлап бір жерін жарақаттап алуы мүмкін, тіпті көлік астына түсіп қалу қаупі де жоғары. Қыс мезгілінде мұндай қайғылы жағдайлар жиі орын алып жатады. Қала тұрғындары айтқандай, көктайғақ кезінде сыртта шаруаңыз болмаса, далаға шықпаған абзал. Шыққан жағдайда қолыңызды қалтаңызға салмай, асықпай, аяғыңызды нық басып жүріңіз. Құлаған жағдайда, дәрігерге қаралыңыз. Себебі сол бойы білінбегенмен, ауыр соққы кейін денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.Количество показов: 8
Дата создания: 31.12.2025 09:29:36



















