Көктайғақтан амансыз ба?
Шаһарда ауа райы күрт өзгерді. Жылдамдығы секундына 40 метрге жететін жел тұрып, жаяулардың жүруі қиындады. Желмен қосып, көктайғақ та жаяу жүргіншілер үшін үлкен қауіп. Қаланың орталық көшелеріндегі жаяулар жолдары көкмұздан тазартылған. Дегенмен, коммуналдық мекемелер әлі жетпей жатқан жерлер де бар. Алматы ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының сөзінше, қыс басталысымен алдымен әлеуметтік нысандарға баратын жолдар, аялдамалар мен орталық көшелер мен саябақтар қардан аршылады. Қала көктайғақ. Күн сайын мертігіп, дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатқандар да жетеді. Көктайғақтың алдын алу үшін де жұмыстар атқарылып жатыр деп сендірді Жәдігер Балтабай. Ахауалдық орталыққа 100-ден астам өтініш келіп түскен. Инертті материалдар жаяулар жолына себіліп жатыр, дейді. Алматы ауданы бойынша жеті учаскеге мердігер беккітілген. Құм аралас тұз қоспалары жеткілікті. Аудан бойынша әлі де тазартылмаған көшелер бар. Бүгінге дейін қаланың ескі бөлігіндегі Ахтанов, Уәлиханов, Алтынсарин, Шернияз көшелері қардан аршылған. Бас маманның сөзінше, осы аптаның соңы, келесі аптада аудандағы барлық көшеде тазарту жұмыстары аяқталады.Количество показов: 8
Дата создания: 15.01.2026 07:23:06



















