Көктайғақтан қалай қорғанған дұрыс?
Қазір аймақта ауа-райы құбылып тұр. Қар әлі толықтай жауып үлгермесе де, тұрғындар көктайғақтың алдын алу керек дейді. Тайғақ бола қалған жағдайда, себепсіз сыртқа шықпай, ал шаруа бола қалса, табаны тайғақ емес аяқ киім киіп, сақтану керек,- дейді олар. Ал облыстық көпсалалы ауруханасана көктайғақтан жарақат алған адам жоқ. Басқа жағдайлармен құлағандар, басқа да жарақаттар алған 50-60 адам тәулігіне шағыммен келеді. Аптасына 300-350 адам қабылдаймыз,- дейді ақ халаттылар. Көктайғақтан қалай қорғанған дұрыс? Дәрігерлер қыс кезінде көктайғақтан сақтану жөнінде бірнеше кеңестерін тұрғындарға жеткізіп отырады. Қатты кешігіп жатсаңыз да, мұзда жүгіруге тырыспаңыз. Жүрген кезде сіз барынша табаныңызды нық басып, тізеңізде босаңсытуыңыз керек. Мұздың үстінде ешқашан қолыңызды қалтаңызға салмаңыз. Көктайғақта табаны сырғанайтын өкшелер мен аяқ киімдер кимеген жөн. Тұрғындар болса, әзір көктайғақ жоқ, бірақ жылда көктайғақтан сақтанатын әдістерімен бөлісті. Облыстық көпсалалы ауруханаға көктайғақ салдарынан түскен науқас жоқ,- дейді ақ халаттылар. Әйтсе де, егер сіз құлап аздап ауырсынуды сезсеңіз, дәрігерге барыңыз. Кейде тіпті жеңіл ауырсыну буын шығуының белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақаттар уақыт өте келе пайда болады. Сондықтан уақытында дәрігерге көрінген абзал. Дене аздап соғылған жағдайда медициналық көмекті алмауға болады. Басыңызды мұзға ұрған жағдай ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды – тіпті аздап мидың шайқалуы бастың ауруына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне немесе есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.Количество показов: 8
Дата создания: 11.12.2025 09:26:04



















