«JuniorSkills Automation-2026» байқауы өтті
Ақтөбеде болашақ инженерлер алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде өткен «JuniorSkills Automation-2026» байқауы автоматтандыру мен электроникаға қызығатын оқушылардың басын қосты. Техникалық бағыттағы жарыс олардың кәсіби қабілетін шыңдап, цифрлық дәуір мамандарына жол ашуды көздейді. Байқау мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру, автоматтандыру, электроника және инженерлік графика салаларындағы тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған. Сайыс барысында қатысушылар «Ақылды үй технологиясы», «Электроника» және CAD инженерлік графикасы бағыттары бойынша тапсырмалар орындады. 14 пен 16 жас аралығындағы оқушылар өз білімдері мен шеберліктерін сарапшылар алдында көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен үздік шыққан қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды. Ал қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау болашақ инженерлер мен техник мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін маңызды тәжірибе алаңы саналады.Количество показов: 8
Дата создания: 30.01.2026 07:21:42



















