IT саласын меңгергісі келетін жастар үшін жаңа мүмкіндік
Өңірде IT саласына қызығатын жастар мен болашақ кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік туды. Шаһарда Startup Orda өңірлік инкубациялық бағдарламасының жаңа легі бастау алады. Жоба технологиялық стартаптарды дамытуға бағытталған және қатысушыларға небәрі 3 ай ішінде өз бизнес идеясын нақты жобаға айналдыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама Astana Hub қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жоба аясында қатысушылар Aqtobe Hub алаңында тәжірибелік сабақтардан өтіп, сарапшылар мен трекерлердің көмегімен стартап құрудың негізгі кезеңдерін меңгереді. Мұнда идея іздеуден бастап, минималды өміршең өнім әзірлеу, бизнес-модель құру және нарықты зерттеу жұмыстары қамтылады. Бағдарламаға дайын кәсіпкерлер ғана емес, IT саласына енді қызығушылық танытып жүрген жастар да қатыса алады. Startup Orda-ның басты ерекшелігі осыда. Жоба өңір жастарының технологиялық сауатын арттырып қана қоймай, олардың халықаралық деңгейдегі инновациялық экожүйеге қосылуына жол ашады, дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, бұған дейін Startup Orda түлектері республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен. Бұл - бағдарламаның еліміздегі жас IT кәсіпкерлер үшін маңызды алаңға айналғанын аңғартады.Количество показов: 7
Дата создания: 09.05.2026 07:45:12



















