Газ құбырларын ауыстыру жұмыстары жалғасуда
Қаладағы Макаренко,Пацаев , Абай және ағайынды Жұбановтар көшелеріндегі жер асты газ құбырларын төсеу жұмыстары жақында басталады. Тапсырыс беруші "ҚазТрансГазАймақ" АҚ. Бұл жұмыстармен мердігер компания ретінде "Тур-газ" серіктестігінің жұмысшылары айналысатын болды. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш серіктестік қаладағы Сүт зауыты ауданындағы газ құбырларын алмастырған болатын. Жұмыс қыс айларында аяқталмай қалып, тұрғындар дабыл қаққан еді. Бұл жолы мердігер компания өкілдері құбырларды алмастыру жұмыстарын белгіленген төрт айдың ішінде толық аяқтаймыз,- деп отыр. Қаладағы Макаренко,Пацаев , Абай және ағайынды Жұбановтар көшелеріндегі жер асты газ құбырларын алмастыру жұмыстарына 720 млн теңге қаражат жұмсалады. Жер асты құбырлары болғанымен, асфальт жабындысы қопарылмайды. Жер асты бұрғылау әдісі қолданылады. Көптеген құбырлар жүргіншілерге арналған жолдың астымен өтеді. Өткен жылғыдай енді қайталанбайды, қазылған арықтарды бірден көміп кетіп отырамыз,- дейді Әлішер Бөшенов.Количество показов: 340
Дата создания: 30.05.2024 06:28:09