Г.Щегельскийді еске алу турнирі өтті
Қаламыздағы спорт мектептерінің бірінде Глеб Щегельскийді еске алудағы жасөспірімдер арасындағы футболдан турнир өз жалғасын тапты. Шара 5-9 қаңтар аралығында өтеді. Бүгін жүлделі орындар үшін 12 команда өз ойындарын ортаға салды. Жас жеткіншектер қызу тартысқа толы ойын көрсетті. Жарысқа жас футболшылар, ата-аналар мен жаттықтырушы, ұйымдастырушылар қатысты. Жасөспірімдер арасындағы тартысты ойынның бүгін 3-ші күні. Жаттықтырушы мұндай спорттық шаралар жиі өтетінін айтады. Қазақстандық саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған марқұм Глеб Щегельскийді еске алу турнирі жыл сайын дәстүрге айналған шара. Одан бөлек, балалардың бойындағы адалдық, достық, командалық рухты арттырады,- дейді ол. 2000 жылдардың басында Глеб Анатолийұлы Ақтөбе футбол командасының Қазақстаннан тыс жерлерде де танылуына көп күш жұмсаған адам. Және футбол командасының әрбір қатысушысы үшін шын жүректен жанкүйер бола білген адам деп еске алды жаттықтырушы Арслан Ақаев. Бүгінгі сайысқа 2017, 2018, 2019 жылғы балалар қатысып жатыр. Олар спорт мектебінің ішінде ойындарын көрсетсе, мектептің сыртқы алаңында құрамында 11-12 жастағы балалар бар 12 команда бақ сынауда. Қолдаушылар болып ойынға жас спортшылардың ата-аналары да қатысты. Солардың бірі 10 жасар Әбубәкірдің әкесі. Баласын футболға 6 жасынан бастап бергенін айтады. Футбол баламды тек шынықтырып, алға жетелеуде,- дейді ол. Әкесі баласын болашақта атақты футболшылар қатарынан көреді. Айта кетейік, Глеб Щегельский 1969 жылы Степногорск қаласында дүниеге келген. Мәскеу авиациялық институтын бітіріп, еңбек жолын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында балқытушы және инженер болып бастаған. Әр жылдары түрлі кәсіпорындарды басқарған, Ақтөбе әкімінің бірінші орынбасары, "Рика ТВ" серіктестігі директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінің Ақтөбе техникалық реттеу және метрология департаментінің директоры болған. Мәжілістің бесінші және алтыншы шақырылымының депутаты болған. Парламент мүшесі ретінде ол экология, табиғатты пайдалану және қоғамдық өмірдің басқа да өзекті мәселелеріне белсенді қатысып, бірнеше заң жобаларын дайындауға үлесін қосқан жан.Количество показов: 11
Дата создания: 09.01.2026 08:06:04



















