Ет жеп жүрсіз бе?
Осы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құны тағы да артты. Оның ішінде ет өнімдерінің бағасышарықтап тұр. Тауық еті 0,9 пайызға, сиыр етінің жауырын, төс бөлігінің құны да артып отыр. Оны апта сайын бағаны бақылап отыратын Ұлттық статистика бюросының мамандары да жасырмайды. Қарапайым халық қымбатшылыққа бейімделудің амалын іздеп жүр. Құнның артуынан ба, әлде баршылықтан ба жұрттың көбі ет сатып алуды азайтқан. "Өз ауламыздан сойып жейміз", дейді тұрғындар. Халық үшін тапқан нәпақасының әр тиыны маңызды. Қымбатшылық қалтаға ұрып тұр. Қала супермаркеттерінің бірінде сиыр етінің келісі 4000 теңгеден асып жығылады. Ал жылқы етінің құны 5000 теңгеден жоғары. Қазақ үшін еттің орны ерекше. Дастарханымыз етсіз елестетілмейді. Әйтсе де қазір қызыл еттің құны артып, көпшілік тауық етін тұтынуға көшкен. Қазір "Анвар" супермаркет желілерінің сөресінде жылқы еті ғана жергілікті өнім. Ал қалған еттер Қостанайдан келеді. Ақтөбеліктер арзан баға іздеп шаршаған. Кейбірі ауылдағы туыстарынан ет алдырып жесе, енді бірі үнемдеп алып отыр. Азық-түлік бағасына бақылауды күшейтіп, отандық өндірушілерге қолдау көрсетілмесе, жағдай одан әрі қиындауы мүмкін. Әлеуметтік маңызы бар ет тек ауқаттылардың қолы жететін азыққа айналмауы тиіс! Ендігі ет тісімізге емес, түсімізге кіріп жүрмесін!Количество показов: 12
Дата создания: 12.07.2025 09:40:34