Есет батыр көшесінде газ құбырын өткізу үшін қазылған шұңқыр ашық жатыр
Есет батыр көшесі бойында шұңқыр осыдан бір ай бұрын қазылған. Сол уақыттан бері беті ашық жатыр. Айналасы да қоршалмаған. Көше тұрғындарының айтуынша, жер үйлер арасынан салынып жатқан жекеменшік нысанға осы шұңқыр бойымен газ құбыры тартылуы керек. Бірақ газ жүргізушілердің жұмысы тоқтап тұрған сыңайлы. Себебі бүгін бұл маңда қыбыр еткен жан көрінбеді. Әлия Жалғасбаева дәл үйінің алдынан қазылған шұңқырға балалар түсіп кете ме деп алаңдаулы. Қараңғыда үлкендердің өзі байқамай қалуы мүмкін. Оған қоса қазылған шұңқырлар орталық жолдардың бірін жартылай бөгеп тұр. Көліктер қос бағытта қатынайтын жолда таң мен кешке кептеліс болады. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, газ құбырын өткізу жұмыстарына "АзияГазстроймонтаж" мекемесі жауапты. Мекеменің газ өткізу үшін алған рұқсат қағазы қарашаның 15-іне дейін ғана жарамды болған.
Жауапты мекеме екі тәулікте жұмыстарын аяқтап, шұңқырлардың бетін жабулары қажет. Оған қоса асфальт жабындысын да қалпына келтіреді.
Количество показов: 1797
Дата создания: 22.11.2016 18:25:03
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>