Есірткі қылмысы азаймай отыр
Соңғы жылдары елімізде есірткіге қатысты қылмыс азаймай тұр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше , синтетикалық есірткінің таралуы -қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Тәртіп сақшылары жүргізген арнайы операциялар нәтижесінде соңғы айларда бірнеше есірткі сату фактілері анықталды. Тәркіленген жалпы есірткі салмағы 490 кг-нан асып отыр. Соңғы жылдары есірткі бизнесінің етегінде біліп те, білмей де кеткенжастар саны жетерлік. Оны қолданатындары тағы бар. Есірткінің түбі жақсылықпен бітпейтінін күнделікті өмірізде, әлеуметтік желілерден, БАҚ да көріп жүрміз. Тәртіп сақшыларынң айтуынша, жасөспірімдер улы заттың бүркеме жарнамасын әлеуметтік желілерден оңай табады. Сондықтан өңірде интернет-дүкендерге қарсы күрес қолға алынған. Қазірде «Telegram» арнасы арқылы синтетикалық есірткілерді саудалаумен айналысатын дүкендер жеткілікті. Жастардың көбі оңай ақша табамын деп, опық жеп қалып жатады. Тек ағымдағы жылы 304 есірткі қылмысы ашылған. Тәркіленген жалпы есірткі салмағы 490 кг-нан асып отыр. Оның ішінде марихуана- 481 кг асады құны- 222 млн теңгеден жоғары. Синтетикалық есірткілер- 8 кг асады. Құны- 201 млн теңгеден асып отыр. Қазір облыстық диспансерде есірткімен 1 253 адам тізімде тұр. Оның 1 433- ер адам болса, 120-сы әйел.Количество показов: 12
Дата создания: 14.11.2025 07:11:31



















