Есірткісіз қоғам- ел болашағының кепілі
Есірткісіз қоғам- ел болашағының кепілі. Жас ұрпақтың сау өсуінің көрінісі. Бүгінгі акцияның да басты мақсаты- халықтың денсаулығына да, психологиялық тұрғыда да әсер ететін зиянды заттардың бар екенін, оған жоламау керек екенінен хабардар ету. Бүгін - халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Бұл күні әлемде өз ұлтының денсаулығын ойлайтын халық нашақорлық секілді жан түршігерлік құбылыспен күресу үшін бірігеді. Шаһардағы тәртіп сақшылары мен ақ халаттылар да жастарға түрлі көріністер арқылы есірткінің зиянын түсіндірді. Қазіргі таңда есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін әдем аянып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда. Ал халықты хабардар ету, жаман жолдан алдын алу үшін жұмыстар жүргізу біздің мақсат,-дейді ұйымдастырушылар. Шара аясында дене шынықтыру жаттығулары, кросс, "Денсаулық қалашықтары" ұйымдастырылды. Нарколог, психолог, терапев мамандары кеңес беріп, ЖИТС орталығының өкілдері тесттерімен экспресс-диагностика жүргізді. Кейін балалар арасында асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Кейін байқауға қатысушылар марапатталды.Количество показов: 19
Дата создания: 27.06.2025 08:21:50