Ертең жартылай күн тұтылады
Жұлдыздар шеруі 9-13 тамыз аралығында өтеді. Дегенмен, 12-13-іне қараған түні метеорлар Жер орбитасын көптеп кесіп өтеді. Персеид метеор ағынын мүмкіндігінше, жасанды жарықтар кедергі келтірмейтін жерде бақылау қажет. Сондай-ақ, ақтөбеліктер 11-тамыз күні тағы бір астрономиялық құбылысты көре алады. Ертең жартылай күн тұтылады. Жартылай күн тұтылу жолағы Арктика, солтүстік Еуропа мен Қазақстанның солтүстік-шығысынан өтіп, Монғолия, Қырғызстан мен Қытайды қамтиды. Ақтөбеде тұтылудың ең үлкен ширегі 4 пайызды ғана құрайды. Бізде тұтылу күндізгі сағат 14.50-де басталып, 15.29-да аяқталады. Қала тұрғындары күннің тұтылуын ертең 14.30-да облыстық планетарий алдында бақылай алады.
Количество показов: 1400
Дата создания: 10.08.2018 18:56:16



















