Ертең жанармай бағасына қойылған шектеу аяқталады
1 сәуірден бастап жанармай мен коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне қойылған мораторий аяқталады. Бұл шектеу былтыр қазан айынан бастап енгізілген болатын. Ол АИ-92 бензинінің, дизель отынының және коммуналдық қызметтердің бағасының күрт қымбаттап кетуіне жол бермеу мақсатында қабылданған еді. Қала тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, көпшілік қазіргі бағаны тұрақты деп бағалайды. Жергілікті тұрғындар жанармай құнының одан әрі көтерілуіне қарсы. Жалпы мороторийдің аяқталуы қоғамда түрлі пікір қалыптастырды. Тұрғындар үшін ең маңыздысы бағаның қолжетімді деңгейде сақталуы. Үкімет 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап тарифтердің өзгеруі теңгерімді болады деп күтуде.Количество показов: 12
Дата создания: 01.04.2026 06:44:16



















