Ерте келген көктем ыждағаттылықты талап етеді
Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында сөз алған ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары өз сөзін жетістіктерден бастады. Дегенмен, тақырып осы саладағы нақты мәселелерді талқылау болғандықтан, кеңес мүшелері баяндамашыға ескерту жасап үлгерді. Ескертуден кейін ғана Айсұлтан Кенбейов бірқатар мәселелерді тізіп шықты. Олардың ішінде 2024-2028 жылдарға арналған ауылшаруашылығы өнімін көбейтуге арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы қиындықтар да бар. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің өзекті мәселелері мен көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесі бойынша облыстық қоғамдық кеңестің отырысының кеңейтілген отырысында биыл 806,4 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілетіні айтылды.Әтеке би ауданындағы "Траза-3" ЖШС төрағасы Виктор Резяев егістік алқап басындағы шаруалардың мәселесі шаш етектен, дейді. Биыл шаруаларға аграрлық несие корпорациясы арқылы 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 1,2 млрд теңге беріліпті. Субсидия есебінен ауылдықтар 2,9 млрд теңге алған екен. Дизель отынының бағасы да 15 теңгеге арзандату ұсынылған.
Количество показов: 11
Дата создания: 25.04.2025 11:31:24