Үш айлық сенбілік ертең басталады. Қалалық әкімдік көктемнің ерте шығуына байланысты қар тазалау, арықтарды аршып, қоқыс жинау жұмыстарын ыждағаттады. Бүгін қаладағы басқарушы компаниялар мен пәтер иелері кооперативтерінің жетекшілеріне, ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті полиция қызметіне қаланы тазалау тәртібі түсіндірілді. Биыл бұл жұмысты арнайы штаб ұйымдастырады. Алғашқы жұмыс саябақтар мен гүлзарларда жүргізіледі. Қаланы қардан тазалау шаруасы аяқталған соң қоршауларды бояп, көғалдандыру жұмысы басталады. Биыл қаланың әрін келтіретін гүл мен жасыл шөп егу жұмыстарына 486 миллион теңге қарастырылған. 1 мың гектар жерге 1 миллион түп ағаш отырғызылады.
Қалалық әкімдік ағаш жапырақтарын жегідей жейтін жәндіктермен күресті ерте бастауды ұсынды. Бұл жұмыстарға биыл 60 миллион теңге қаржы бөлінген. Себебі, өткен жылы қаладағы жасыл желектің бәрі бір мезетте құрып кеткен болатын. Бүгінгі жиын кезінде мемлекеттік, жеке компания басшылары мен пәтер иелері кооперативінің төрағаларына нақты тапсырма берілді. Әркім өз территориясын таза ұстауы тиіс. Тәртіп сақталмаса жергілік полиция қызметі айыппұл салады.
Количество показов: 1821
Дата создания: 10.03.2017 19:31:29
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>