Ерлікке тағзым
Ерлікке тағзым, елге рух берген тарихи белес.Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойын Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі де елеусіз қалдырмады. Тәртіп сақшылары өздеріне қарасты қос стратегиялық нысанға барып, жолаушыларға тосын сый жасады. Қаладағы №66/55 әскери бөлімі оркестрының қолдауымен өткен шара.Патриоттық әндер концерті Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы мен темір жол вокзалында ұйымдастырылды. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің полицейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі қызметкерлері ерекше дайындықпен келген. Ерекше әскери форма мен музыкалық аспаптар, жанды дауыстағы орындау-ешкімді бейжай қалдырмағаны анық. Рухты көтеретін әсерлі әуендер көрермен көңілін сан түрлі сезімге бөледі.
Количество показов: 25
Дата создания: 14.05.2025 08:07:41