Ерлікке тағзым
Ұлы Отан соғысы сызат түсірмеген қазақ отбасы жоқтың қасы. Жеңіс күні әр қазақтың жүрек түбіндегі сағыныш пен бір мұң қылаң береді. Әкеге, бауырға деген сағыныш жыл өткен сайын үдемесе, азаймайтыны анық. Жақындарын еске алып, құран бағыштайды. Бұл күні қала көшелеріне әкесі, атасы, ағасының суретін алып, ерліктерін көпке паш еткісі келетіндер көп. Кеуделерін өкініш пен мақтаныш қатар кернейді. Солардың бірі - Мұхамбетқали Ерманов. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауылының тумасы, әкесі Құлмағамбет Ерманов туралы айтып берді. Кеңес Одағының құрамына кірген елдердің ортақ қасіретіне айналған соғысқа аймақтан 122 мың жауынгер шақырылған. 36 мыңнан астамы оралмады. Қан майданда ерлік көрсеткен 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атағын алды. "Даңқ" ордені 8 жерлесімізге берілген.Количество показов: 17
Дата создания: 12.05.2025 12:55:48