"ERKEMED" көпсалалы клиникасының жаңа ғимараты ашылды
Дәрігер Демеуованың "ERKEMED" клиникасының жаңа ғимараты заманауи талаптарға толық сай. Клиника үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның біріншісі - амбулаторлық-поликлиникалық қызмет. Бұл бағытта әртүрлі деңгейдегі аурулар анықталып, ұрықтың ультрадыбыстық диагностикасы, ЭЭГ видеомониторингі, электронейромиография, эхокардиография, бас миы мен төменгі аяқ-қолдардың ультрадыбыстық зерттеуі, сондай-ақ басқа да инновациялық әдістер қолданылады. Екінші бағыт - ересектер мен балаларға арналған оңалту қызметі. Мұнда мультидисциплинарлық тәсіл қолданылады: педагогикалық қолдау, логопедия, дефектология, АВА-терапия, сенсорлық интеграция, емдік және бейімделген дене шынықтыру, бассейн, физиотерапия, массаждың әртүрлі түрлері. Бұл қызметтер емделушілердің саулығын кешенді түрде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Оның ішінде сал ауруы, аутизм және генетикалық аурулары бар балалар, сондай-ақ инсульт пен инфаркттан кейінгі ересек адамдар қамтылады. Үшінші бағыт - білім беру саласы. Бұл жерде дәрігерлерге және дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналарына арналған семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Клиниканың басты ерекшелігі - халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру. Бұл шетелдік озық тәжірибелерді меңгеріп, оларды емдеу мен диагностика үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді. Дәрігер Демеуованың "ERKEMED" клиникасы 2022 жылы алғаш шағын медициналық орталықтың бір кабинетінде жұмысын бастады. Үш жыл ішінде «Даму» қоры мен Халық банктің қолдауымен үлкен бір орталыққа айналды. Клиниканың жалпы аумағы 4200 шаршы метрді құрайды. Клиникада 50-ден астам маман бар. Оның 23-і дәрігер. Мұнда бүкіл өңір тұрғындарына МӘМС аясында медициналық қызметтер көрсетіледі.Количество показов: 15
Дата создания: 18.12.2025 09:48:24



















