Ерекше балалардың шығармашылық концерті өтті
Бес жыл ішінде студия ондаған ерекше, талантты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйіне айналды, балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігі артып, өзіне деген сенімділік пайда болды. Командалық қойылымдар мен жаттығулардан кейін балалар арасында достық пайда болды. Мерекелік бағдарламада "Жаңа есімдер" вокалдық ансамблінің қойылымы болды. Мұнда қатысушылар қалың көрерменді өздерінің вокалдық өнерлерімен тәнті етті және хорлық компазицияларын ұсынды. Шабыт шыңдайды, өнер оңалтады. Аутизм – тағдырға таңбаланған, маңдайға басылған дерт емес, оңалтуға көнетін ауытқу десе де болады. Алайда көп ата-ана баланың бойындағы бұл ерекшелікті ерте байқай бермейді. Қазір студияда 50 бала оқиды. Олар түрлі музыкалық аспапта ойнап, әлемнің әр тілінде әндерін шырқайды.Количество показов: 16
Дата создания: 14.10.2025 10:42:58