Ерекше балалар үшін GPS-трекерлер жеткізілді
Баланың қауіпсіздігі — басты назарда. Әсіресе, ерекше балаларды ата-ана да, мектеп те көзден таса қылмауға тырысады. Осы мақсатта өңірдегі арнайы мектеп оқушыларына арналған GPS-трекерлер жеткізілді. Қаламыздағы облыстық арнайы мектепке мұндай құрылғының 250-ден астамы табысталды. Ерекше баланың анасы Наташа Ақсотқызының айтуынша, бұл құрылғы балаға жауапты адамның өмірін жеңілдетеді. Яғни балаға трекерді тағып қоямыз, баланың қайда жүргенін қадағалап отырамыз,- дейді ол. Оған көмек керек болған жағдайда, трекердің ортасындағы "sos" түймесін басады. Ол түйме басылған бойда үйдегі ата-ананың смарт телефоны дабыл қағады. GPS трекерлері баланың орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді, бұл әсіресе аутизммен ауыратын балалар үшін маңызды, олар ата-ана қарауынсыз далаға шығып кетсе, адасып қалуы да мүмкін. Мұндай технологияларды пайдалану отбасылар үшін маңызды және балалардың қауіпсіздігін жақсартуға көмектеседі. Трекерлер психологиялық-медициналық және педагогикалық кеңес беру орталықтары арқылы беріледі. Бүгінде құрылғылардың көпшілігі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және мектептерге таратылды.Количество показов: 7
Дата создания: 13.03.2026 07:57:23



















