Ерекше балалар ұлттық инклюзивті ойын түрлерінен сайысты
Бүгін өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған мүгедектігі бар оқушылар түрлі спорт сайысынан бақ сынасты. Қалада «Жұлдызай-2026» ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық кезеңі өтті. «Қуат» спорт кешенінде ұйымдастырылған жарысқа бірнеше ауданнан келген 200-ден астам ерекше бала қатысты. Барлық спортшылар жас ерекшелігі мен диагнозына қарай топтарға бөлінді. Қатысушылардың бірі - №82 орта мектептің 4-сынып оқушысы Қайсар. Ерекшелігі - жеңіл дәрежедегі ақыл-ойдың бұзылуы. Ол бес асық ату ойынында бақ сынады. Жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын, дейді ол. Ерекше балаларды спортқа баулу, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және инклюзивті ортаны дамыту - ұйымдастырушылардың басты бағыты. Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша республикалық кезеңге қатысатын облыстық құрама командасы жасақталып, Астана қаласына жолдама алды.Количество показов: 8
Дата создания: 22.05.2026 06:05:17



















