Еріктілер халық мәселелеріне жауап береді
Бүгіннен бастап 109 облыстық ахуал орталығында еріктілер онлайн түрде қызмет атқарады. Олар өңірдің әр аймағынан келіп түскен шағымдарға екі сағат ішінде жауап беретін болады. Қазіргі таңда 30 ерікті сұрыпталып, халықтың мәселелеріне жауап беруде. Бұл бастама облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының "Цифрлық волонтерлік" жобасына сәйкес ұйымдастырылған. "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар рухы" белсенділері одан бөлек те дипфейк мәселесін тұрғындарға түсіндіру мақсатында да жұмыстануда. Орталыққа халыққа қызмет ету үшін әр мамандық иелерінің жастары жиналған. Оқу барысы 2 күнге созылып, бірініші күні теория, ал екінші күні тәжірибеден өткен. Еріктілердің ішінде аудармашы мамандығында оқитын 17 жасар Диана да бар. Оның айтуынша, жұмыс қиынға соқпаған. Қазіргі таңда көрсеткіш бойынша тұрғындар көбінесе қоқыс пен су және элект мәселелеріне қатысты шағымданады. Цифрлық форматта құрылған жоба халықтың әлеуметттік-тұрмыстық жағдайын ескеріп, шешімін тез табуды мақсат етеді. Алдағы уақытта еріктілер осы бағытта жұмыстанатын болады.Количество показов: 15
Дата создания: 23.05.2026 06:14:53



















