Еріктілер емханаға тегін ЭКГ аппаратын тарту етті
Отбасылық мединицина клиникасына бүгін ерікті жандар үлкен сый жасады. Ақтөбеліктер үшін ЭКГ аппаратын табыстады. Жаңа құрылғы медициналық диагностиканың сапасын арттыруға бағытталған. Қазіргі заманғы талаптарға сай, сертификатталған құрылғыға клиника мамандары қуанып, еріктілерге алғыстарын білдірді. Мұндай дүние ауадай қажет дейді олар. Себебі науқастарды тек клиникада ғана емес, енді үйлеріне барып та тексеруге мүмкіндік туды. Дәрігерлердің сөзінше, қолданыстағы ЭКГ аппараты 2 жылдан артық шыдамайды. Тәулігіне 15-17 адам қабылдауға тиісті аппаратқа қазір күніне 20-25 адам түсіреді. Жаңа құрылғы жүкті жеңілдетеді. Заманауи құрылғы науқастарға көрсетілген көмектің тиімділігін арттырады. АЛ, емханаға ЭКГ аппаратын "Азық-түлік қоржыны" қайырымдылық қорының директоры Айзада Балмағамбетова жеткізді. ЭКГ аппараты мен 3 көп функционалды кереуетті 1 млн. 410 мың теңгеге сатып алған. Қаржылай демеушілік жасаған "Атымтай жомарт" есімін жариялаудан бас тартыпты. Қор директорының сөзінше, олар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін жайдан жай таңдамаған. Білім мекемесінің жанында бірнеше медициналық орталықтар бар. Қор мен университет арасында арнайы меморандумға қол қойылған. Оған қоса, отбасылық медицина клиникасы ұсынысты алғаш болып қабылдаған. Айзада Балмағамбетова қайырымдылық шаралары жалғаса беретінін айтады. Өзге де емханалар мен аудандық ауруханалардан да ұсыныстар күтеді.Количество показов: 7
Дата создания: 20.12.2025 05:48:57



















