Еріктілер Ақтөбе су қоймасының жағалауын тазалады
Тұрған жерімізді таза ұстау, тек үйіміздің ішін ғана емес, ауламыздың алдын жинау, тазарту да маңызды. Қолға ұстаған қоқысты далаға лақтыра салу дұрыс емес. Табиғат аясына демалғанда да артымызды жинап кету - мәдениеттілік. Өкінішке орай, барлық адам бірдей емес. Демалған жеріне ішкен-жегенін шашып, жинамай кететіндер де бар. Еріктілер міне осындай жерлерді жинайды. Бүгін табиғат жанашырлары Ақтөбе су қоймасы жағалауын тазалады. Шара мақсаты - өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатты қорғауға деген қоғамның назарын аудару және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ұымдастырушылардың айтуынша "Таза Қазақстан" акциясы - тек тазалық жұмыстары ғана емес, бұл - қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс. Жастар арасында аталмыш жоба аясында ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында аймақтағы жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 332 экоакция, 9000-ға жуық жас қамтылды. Тазалық акциялары жалғасын таба береді.Количество показов: 17
Дата создания: 02.07.2025 06:45:21