Енді үй жануарынан бас тартқан иесі оны жай ғана көшеге тастап кете алмайды
Енді ит пен мысықтарды тастап кете салуға болмайды. Қазақстанда жануарларды ұстау ережелері өзгереді. Елімізде үй жануарынан бас тартқан иесі оны жай ғана көшеге тастап кете алмайды. Жаңа талап бойынша жануарды баспанаға, уақытша ұстау пунктіне немесе оны асырауға жағдайы бар басқа адамға беру міндеттеледі. Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді. Мысық пен итін енді иелері көшеге тастай алмайды. Жануар иелеріне қойылатын талап күшейтілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығында егер жануардың иесі немесе оған жауапты адам оны әрі қарай асырай алмаса, оны жаңа орынға орналастыруға тиіс екені айтылған.Яғни оны жануарларға арналған баспанаға, уақытша ұстау пунктіне тапсыруға немесе жануарды ұстауға жағдайы бар жеке не заңды тұлғаға беруге болады. Егер жануар уақытша ұстау пунктіне тапсырылса, бұрынғы иесі оның әрі қарайғы жағдайы анықталғанға дейін асырау шығындарын төлеуге міндетті. "Жануардан бас тарту – үй жануарының иесі немесе оған жауапты адамның жануарға қатысты міндеттерін тоқтатпайды. Мұндай міндеттер жануарға меншік құқығы басқа адамға өткенге, жануар баспанаға берілгенге немесе уақытша ұстау пунктіне тапсырылған жағдайда оның заңды тағдыры анықталғанға дейін сақталады", – деп жазылған ресми құжатта.Количество показов: 12
Дата создания: 15.08.2026 02:24:17



















