Емханаларда жаңа тәртіп аясында бірқатар өзгеріс енгізілді
Қалалық емханалардағы кезек мәселесі тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Кейбірі дәрігер қабылдауын ұзақ күтетінін, ал қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын айтады. Ал медицина мамандары бұл мәселеге жаңа тәртіп аясында бірқатар өзгеріс енгізілгенін алға тартады. Қаламыздағы қалалық емханалардағы толассыз кезекпен, жұмыстың бәсеңдігі тұрғындардың наразылығын тудыруда. Олардың айтуынша, бейінді дәрігерлердің қабылдауына жазылу қиын, ал кей жағдайда маманға кіру үшін айлап күтуге тура келеді. Жасы келген қария адамдарға бұл тіпті қиын,- деп ағынан жарылды тұрғындар. Тұрғындардың шағымына медицина мамандары жаңа тәртіп аясында бірқатар өзгеріс енгізілгенін алға тартады. Енді кардиолог, офтальмолог, эндокринолог сияқты бейінді дәрігерлер қажетті талдаулар мен диагностикалық тексерулерді өздері тағайындай алады. Сонымен қатар пациенттер арнайы қосымша арқылы дәрігерге алдын ала жазылып, уақытын үнемдеуге мүмкіндік алып отыр. Ал медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін қабылдауға бөлінетін уақытқа да нақты нормативтер белгіленген. Мәселен, терапевт, педиатр, хирург, кардиолог және акушер-гинеколог сияқты мамандардың стандартты қабылдауына 20 минут қарастырылған. Қажет болған жағдайда алғашқы қабылдау 30 минутқа дейін созылуы мүмкін.Количество показов: 13
Дата создания: 12.08.2026 07:05:05



















