Елек өзеніндегі мұз жарылды
Елек өзенінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Арнайы шара мұз кептелістерінінің пайда болуына жол бермей, еріген судың өз арнасымен ағуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыстар "Green Land" демалыс базасы жанында өтті. Өзен арналарының ең жоғарғы көтерілу деңгейі 30 наурыз бен 12 сәуір аралығында күтілуде. Облыста еріген қар суын тазарту барысында 5 500 кубометр су сорылған. Сонымен қатар, 123 шақырым арықтар мен каналдар тазартылған. Бұл туралы ТЖД төтенше жағдайларды алдын алу басқармасы мәлімдеді. Облыс аумағында Ойыл, Ырғыз, Үлкен Қобда өзен арналарында 12 мыңнан астам шаршы метр мұз жарылған. Бүгінгі шарада Елек өзеніндегі мұздар арнайы техника арқылы жарылды. Мамандардың айтуынша, жару жұмыстары шамамен 5 мың метр аумақта жүргізілген. Бұл өзен арнасындағы судың деңгейін тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Қала әкімі Азамат Бекеттің сөзінше, қазіргі таңда су қаупі бар аумақтарда алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Облыс аумағының 72 пайызы қар жамылғысымен жабылған. ТЖД-нің мәліметінше, су тасқынын болдырмау үшін арнайы жұмыстар атқарылып, барлық аумақ бақылауда. Жоспарлы жұмыстар өңірдегі су тасқыны қаупін азайту үшін жасалып жатыр.Количество показов: 8
Дата создания: 17.03.2026 06:48:50



















