Елдегі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы енді реттелмей ме?
Үкімет халық жиі тұтынатын, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы реттеуден бас тартады. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкіметтегі брифингте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға реттеу тетігінен кезең-кезеңімен бас тартып, сатып алушыларды нысаналы цифрлық қолдауға көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады Курсив. Қазір елдің бірнеше өңірінде пилоттық жоба іске қосылған. Олардың қатарында Ақкөл, Павлодар, Көкшетау өңірлері бар. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін ваучер қарастырылған. Бұл ваучер көмегімен бір жыл ішінде тұтынушы жеңілдетілген баға бойынша азық-түлік сатып ала алады. Ал қалған санаттағы азаматтарға қайтпек керек? Министрдің сөзінше, льготалық санаттағы азаматтарды қолдаудың ваучерлік жүйесі анағұрлым тиімді модель. Бұл тәсіл өндірушілер мен тұтынушыларды артық реттеу қысымынан босатады. Жоба келесі жылдың соңына дейін есептелген. Алайда реттеуден толық қашан бас тартатыны әзірге белгісіз. Одан өзге, заңнамада сауда сыйақысы да жазылатын болады. Бұл «жабдықтау тізбегіндегі бірнеше буын арқылы бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу үшін» жасалады, дейді Шаққалиев. Еске сала кетсек, Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуден бас тартатыны туралы 2023 жылдан бері айтылып келеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізіміне 19 атау кіреді. Бұл тізімді үкімет қалыптастырады. Премьер-министр Олжас Бектенов негізгі азық-түлікке кез келген негізсіз баға өсімін қатаң тоқтатуды және баға бақылауының барлық тетігін пайдалануды тапсырды.Количество показов: 29
Дата создания: 26.09.2025 07:49:45