Елдегі 40 ірі ЖОО өкілдері Ақтөбеде бас қосты
Шаһарда бүгін "Бір кемеде: академиялық адалдық және өңірлік университеттерді дамыту бағытын ұстану" республикалық форум өтті. Форум жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов, облыс әкімінің орынбасары, ректорлар және еліміздің 40 ірі ЖОО өкілдері қатысты. Форум аясында Heriot-Watt University халықаралық серіктес университетінің өкілі - халықаралық даму менеджері арнайы қатысып, жаһандық тәжірибе мен академиялық серіктестік туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Қ. Жұбанов атындағы АӨУ туралы арнайы минифильм көрсетіліп, университеттің тарихи дамуы, ғылыми жетістіктері мен болашаққа бағытталған стратегиясы таныстырылды. Форумның ең маңызды сәттерінің бірі - Heriot-Watt университетінің Қазақстандағы кампусының алғашқы іргетасын қалау рәсімі болды. Бұл - Ақтөбедегі халықаралық стандарттарға сай жоғары білім мен инновацияны дамытуға бағытталған тарихи қадам. Кейін қатысушылар университеттің инфрақұрылымымен танысып, ғылыми зертханалар, кітапхана, мұражай және оқу ғимараттарын аралап көрді.Количество показов: 24
Дата создания: 28.06.2025 10:35:05