Елде сиыр еті қымбаттады
Елімізде ет қымбаттады. Әсіресе, ең өтімді сиыр еті келісіне 400-500 теңгеге өскен. Қала базарларында еттің бір келісі 3500-4000 теңгенің аралығында сатылуда. Тұрғындар сиыр етінің бағасы күрт жоғарылап кеткенін айтады. Кейбір отбасылар ет сатып алудан қалды. Жағдайлары жетпейтінін айтады. Тұрғындар қымбатшылықты еттің шетке көп жөнелтуімен байланыстырады. Сауда министрлігі сиыр еті бағасына қатысты "жедел желі" ашты. – Сиыр еті бойынша фермерлерден сауда желілеріне ет жеткізуді қамтамасыз ету үшін сауда желілерімен келісім жасалды. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді Ауыл шаруашылығы министрлігі қамтамасыз етеді, – деді Сауда министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында. «Жедел желіге сиыр еті бағасына, сауда орындарындағы үстемеақыларға, өнім жеткізу кезінде туындайтын мәселелерге қатысты шағымдануға болады. Бұл қадам халықпен және бизнес өкілдерімен кері байланысты күшейтуге, азық-түлік нарығындағы ашықтықты арттыруға әрі жергілікті жерден түскен сигналдарға дер кезінде жауап беруге бағытталған», – делінген министрлік хабарламасында. Ал, өңірде еттің бағасы немесе сапасына қатысты бұзушылықтарды байқасаңыз – 8 (7132) 54-81-26 нөміріне хабарласуға болады. Министрліктің мәліметінше, байланыс орталығы елдің барлық аймағында жұмыс істейді. Оған қарапайым азаматтар да, кәсіпкерлер де хабарласа алады.Количество показов: 39
Дата создания: 24.09.2025 07:11:18