Ел және шетелден аллерголог-дәрігерлер жиналды
Ақтөбеде медицина саласының жетекші мамандары бас қосты. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Аллергология, иммунология және пульмонологияның пәнаралық аспектілері» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр. Екі күнге созылатын халықаралық конференцияға Қазақстанмен қатар Ресей, Чехия, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан келген ғалымдар, тәжірибелік дәрігерлер мен жас зерттеушілер қатысуда. Жалпы шараға 200-ге жуық адам офлайн форматта қатысып жатса, мыңнан астам маман онлайн түрде қосылды. Жиын барысында аллергиялық және бронхөкпелік ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, иммун тапшылықтарының алдын алу, дербестендірілген медицина мен иммунобиологиялық терапияның жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Конференция аясында симпозиумдар, шеберлік сабақтары мен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының байқауы өтті. Одан бөлек, медицина саласындағы соңғы жаңалықтарды таныстыратын арнайы көрме де ұйымдастырылған. Халықаралығ конференция ертең де жалғасады.Количество показов: 6
Дата создания: 06.03.2026 07:07:12



















