Ел тыныштығын қорғаушылар мерекесі
Өңірде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында ішкі істер органдарының үздік қызметкерлері мен сала ардагерлері марапатталып, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі аталды. Азиза Әбілқайырова 17 жасында Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігінің Санкт-Петербург университетіне алғаш курсант болып қабылданған. 5 жылдан соң оқуын тәмамдап, кейін жеке құрам бойынша психолог қызметін атқарған. Қазіргі таңда обылстық ПД аға инспектор полиграфологы болып жұмыс істейді. Марапат иесінің ішкі істер органдарындағы еңбек өтілі - 12 жыл. Қызметкер жұмыстағы басты ұстанымы әділдік екенін айтады. Оның сөзінше, дәл осы қасиет құқық қорғау саласында қызмет ететін мамандар үшін аса маңызды. Бүгінде ол жас қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп келеді. Салтанатты рәсім барысында қызметтік міндетін адал атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері марапаттарға ие болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарының дамуына үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетілді. Шара барысында тәртіп сақшыларының қоғамдағы рөлі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жауапты қызметі ерекше атап өтілді. Мерекелік кеш өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Бүгінгі мереке қарсаңында жиынға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сала ардагерлері, мемлекеттік мекеме өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.Количество показов: 6
Дата создания: 24.06.2026 06:56:31



















