Ел тұрғындары карантин кезінде жәрдемақы түрінде берілетін төлем жиынтықтарын ала бастайды
Бүгіннен бастап ел тұрғындары карантин кезінде жәрдемақы түрінде берілетін төлем жиынтықтарын ала бастайды. Ол- 42 500 теңге және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға қосымша ақы төленбек. 5567 теңге тіркеуде тұрған жұмыссыздарға да беріледі. Сәуір-мамыр айларында жарияланған төтенше жағдай кезінде кәсіптері тұралап қалған 226 мың ақтөбелікке 13 млрд теңге көлемінде қаржылай көмек аударылған.Карантинді шектеуге байланысты үшінші рет берілетін 42 500 теңге жәрдемақыны жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі еңбекпен қамтушылар ала алады. Өтінішті 42500.еңбек.кз сайты мен "Электронды үкімет" порталы, телеграм-бот қосымшасы арқылы беруге болады. Өзін-өзі қамтушы санатындағы азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемін қайтадан төлеу міндеттелмейді. Жәрдемақының келесі түрі халықтың жекелеген санаттарына азық-түлік алуға бір айға 5567 теңге төленеді.
Аталған әлеуметтік төлемді облыста шілде айына 20 мың адамға аудару жоспарланған. Олар әлеуметтік көмек алатын 6 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 1,2,3 топтағы мүгедектерге, жұмыссыз ретінде тіркеудегі ақтөбеліктер есепшоттарына аударылады. Аударылатын қаржы мөлшері 500 миллион теңгеден асады. Айта кетелік, түрлі себептерге орай сәуір-мамыр айларында өтініштері қабылданбаған тұлғалардың сұраныстарын арнайы құрылған штаб желтоқсан айына дейін қарастыратын болады.
Количество показов: 1025
Дата создания: 20.07.2020 19:32:29
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>