Елімізде Сержанттар күні аталып өтті
Қазақстанда Сержанттар күні мерекесі 30 жыл бойы аталып өтуде. Айтулы датаға орай Әуе қорғанысы күштері әскери институтында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында үздік әскери қызметшілер марапатталып, курсанттарға әскери атақ табысталды. Қазақстанда Сержанттар күні мерекесі 30 жыл бойы аталып өтуде. 1996 жылы Ш.Уәлиханов кадет корпусы құрылып, ол жерді 4 мыңнан астам кәсіпқой сержант бітірген. Бұл күн, яғни 1 шілде 1996 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусының құрылуына орай белгіленген. Бүгінде сержанттар корпусы Қарулы Күштердің маңызды құрамдас бөлігіне айналып, әскери қызметшілерді даярлау мен әскери тәртіпті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келеді. Әуе қорғанысы күштері әскери институтында Қазақстан Қарулы Күштерінің Сержанттар күні аталып өтті. Салтанатты саптық жиынға институт басшылығы, сержанттар құрамы мен курсанттар қатысты. Сержанттық қызмет жоғары жауапкершілік пен әскери антқа адалдықтың белгісі. Сондықтан бұл мереке жыл сайын жоғары деңгейде, жауапкершілікпен, әскери салада қызмет етіп жатқан адамдардың еңбегін бағалап, жетістіктерімен бөлісумен өтеді. Сержанттар күні - әскери тәртіп пен кәсібиліктің маңызын айшықтайтын мереке. Іс-шара барысында қызметтік міндетін адал атқарып, әскери тәртіпті нығайтуға үлес қосқан үздік сержанттар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ 13 курсантқа "кіші сержант" әскери атағы табысталды. Бұл олардың әскери жолдағы алғашқы маңызды белестерінің бірі болды.Количество показов: 15
Дата создания: 03.07.2026 07:38:21



















