Елімізде картоп пен сәбіз қымбаттады
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 6,8%-ға өсті. Бағаларды тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, Қытайдан, Пәкістаннан және Өзбекстаннан ерте пісетін көкөністер жеткізу жұмысы ұйымдастырылды. Жалпы, ішкі нарықты өніммен толықтыру мақсатында қосымша 45 мың тонна картоп, 4 мың тонна қырыққабат импортталды. Десе де, шет елден келетін көкөністердің сапасы нашар, дейді тұтынушылар. Әсіресе Пәкістаннан келетін картоптың бағасы сапасына лайықты емес. Елімізді бірте-бірте қымбатшылық жалмап барады. Ол құтты мекенді де айналып өтпеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы да тұрақталар емес. Әсіресе көкөністердің бағасы ұшып тұр. Мәселен, пәкістандық картоптың келісі 375 теңге, ұсақ картоптың бағасы 406 теңгеден, ал жуа 289 теңгеден саудаланып жатыр.Количество показов: 27
Дата создания: 04.06.2025 13:01:06