Елімізде банк саласын жаңғыртуға бағыттылған заң қабылданбақ
Елімізде банк саласын жаңғыртуға бағыттылған заң қабылданбақ. Осыған орай, аймақтағы банк жүйесіне де өзгерістер енгізіледі. Бүгін Ұлттық банктің облыстық филиалында микроқаржы ұйымдары және сақтандыру компаниялары басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Оларға жаңа заң жобасын өңірімізге іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дәния Еспаева түсіндірді. Жаңа жүйеде төлем қабілетсіз банктерде реттеу тетігі қарастырылған. Бұл арқылы проблемалық банкті сауықтыр кезінде мемлекет көтерген шығындар кейіннен бүкіл банк секторы есебінен төленеді. Жаңа заң аясында екі түрлі банктік лицензия енгізу көзделген. Сонымен қатар, исламдық қаржыландыруды дамытуға жол ашылады. Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатыса алады. Заңда тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Құжатта цифрлық қаржы активтерінің айналымы да реттелді. Қазақстанда криптовалюталардың заңды айналымы кеңейіп, криптобиржалар лицензияланатын болады. Жалпы, жаңа заң банк секторында ашықтықты арттырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.Количество показов: 10
Дата создания: 13.01.2026 21:31:23



















